Иероглиф ұғымды көрсету принципіне негізделген. Дыбысқа емес. Дыбысталуы оқырман тіліне байланысты өзгереді. Иероглифті дыбыстап оқи алмағанымызбен, нені білдіретінін ребус шешкендей жобалауға болады. Мысал ретінде Қытай иероглифтерін қарастырайық.
- 子 иероглифі бала дегенді білдіреді. Жапон тілінде жеке тұрғанда «ко» деп оқылады. Мысалы, «менің балам» сөйлемі «私の子» (уаташи но ко) деп аударылады. Бұндағы «уаташи» – мен, «но» – менің дегендегі «-нің» жалғауын білдіреді.
- 女 иероглифі әйел дегенді білдіреді. Ол «онна» деп оқылады.
- Осы екі иероглифті біріктіріп жазсақ, яғни әйел мен бала иероглифтерін біріктіріп, 好 деп жазсақ, онда «жақсы» немесе «жақсы көру» деген мағынаны білдіретін жаңа ұғым шығады. Бұл иероглиф жапон тілінде «онна ко» деп емес, 好き «ски» деп оқылады. Қытай тілінде 好 «хао» деп оқылып, жақсы деген мағынаны береді.
Жапон, Қытай (ертеректе Вьетнам және Корея) елдерінде қолданылған иероглифтер бір. Олардың түп аты – 漢字 (Ханзи). Яғни Хан (Қытай елінің атауы) таңбасы. Жапонда оларды «Кандзи», Кореяда «Ханча», Вьетнамда «Чу Ном» деп атайды.
Жапон тілі мен қытай тілі – бір-біріне ұқсамайтын екі бөлек тіл. Бірақ жапонда қытайдың кірме сөздері бар. Қазақ тілі мен араб тілі сияқты. Десе де, жапон мен қытай бір-бірін қағазға жазғанда ғана түсіне алады. Қытай мен жапоның не, қытайдың өзінде де талай диалектілер бар. Мысалы, солтүстіктің қытайы оңтүстіктің қытайын түсінбеуі мүмкін. Алайда не айтқысы келгенін қағазға түсірсе, бір-бірін тез түсіне қояды.
Ханзинің таралуына не себеп болды?
Мәселен, ерте заманда Қытай мәдениет тұрғысынан озық ел болған. Сол себепті Азияда қытай тілі Еуропадағы латын тілі сияқты «лингва франка» болған.
Дегенмен Азия елдері бірте-бірте Қытай иероглифтерін өз тіліне ыңғайлаған. Мысалы, Жапония Хирагана және Катакана жазбаларын ойлап тапты. Олар тек 46 таңбадан тұрады. Ханзиге қарағанда, Хирагананың мағынасы жоқ, дыбысталуына қарайды. Хирагана мен Катакананы әріптер ретінде қарастыруға болады.
Мысалы, きる сөзі (き – ки, る – ру) киру деп оқылады. Ол «кию» мағынасын береді. Мысалы, «киім кию» »服をきる» (фуку о киру) деп аударылады.
Сондай-ақ кейбір елдер Ханзиден бөлек (бірақ ұқсас) мағынаға сай иероглифтер жүйесін құрған. Мысалы, Қытан елі (Моңғолияның шығысында тұрған көшпенділер) Қытан иероглифтер жүйесін құрған. Ханзиге ұқсаса да, олардың иероглифтерінің көбі Ханзиде жоқ.
Мақаланың толық нұсқасын «Әл-жәбрдің атасы» журналының №1 санынан оқи аласыз.