Бұл мақаланың мақсаты, құрметті оқырман, әлемнің экономикалық құрылымын кең көлемде суреттеп беру, жалпақ тілмен айтқанда, әрбір мемлекеттің өмір сүру процесінің себеп-салдарлық байланысын көрсету. Шуынан құлақ тұнатын экономика жаңалықтарын естігенде тек цифрды қамтымай, ақпаратты барынша қызықты етіп жеткізу. Ал оқығанда іш пыспас үшін макроэкономикаға ғажап иллюстрация ретінде өте тартымды әрі болашағы зор ел – Үндістанды таңдап алдық.
Үндістан кейінгі жылдары әлемдегі экономикасы ең жылдам дамыған елге айналды. Бұл – жер аумағы бойынша жетінші орында, әрі әлемдегі ең халқы көп ел. Үндістан дүние жүзіндегі жетекші экономикалық және өндірістік орталықтардың біріне айналуға ұмтылып келеді. Бұған алғышарт та жоқ емес, өйткені экономикасы күн санап нығайып жатыр.
Ал Үндістан мұндай жетістікке қалай жетті? Бұл сұрақтың жауабын «Әл-жәбрдің атасы» журналының №6 санынан мақаланың толық нұсқасын оқысаңыз таба аласыз.